Қазақстан командасы Сувондағы (Оңтүстік Корея) Азия Кубогінде екі қола медальді қанжығасына байлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Екі жүлде де аралас командалар арасындағы жарыста қоржынға түсті.
Атап айтсақ, Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова блокты садақ атуда қола еншіледі.
Дәулеткелді Жаңбырбай мен Алина Ілиясова классикалық садақ атудан үздік үштікті түйіндеді.