Қазақстан құрамасы XXV қысқы Олимпиада ойындарында спорттың 10 түрінен бақ сынайды. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ұлттық құрама 10 спорт түрі бойынша 58 медаль жиынтығы үшін жарысқа қатысады. Атап айтқанда, биатлон, конькимен жүгіру спорты, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, трамплиннен секіру, фристайл-могул және фристайл-акробатика, – деді министр.
Болжам бойынша, Қазақстан атынан 35 спортшы қатысады. Жарыстарға 93 елден шамамен 3000 спортшы жиналады деп күтіліп отыр. Жалпы саны 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Қысқы Олимпиада ойындары 6–22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.