Қазақстан құрамасы Олимпиадаға қайда дайындалып жатыр

13 Қаңтар 2024, 10:52
63
Бөлісу:
Қазақстан құрамасы Олимпиадаға қайда дайындалып жатыр

Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтетін IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын жас жеткіншектеріміз қызу дайындалып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы қазіргі таңда Алматы қаласында жаттығуын жалғастырып жатса, хоккейден Қазақстан жасөспірімдер командасы Канвондағы қысқы ойындарға дайындықты Астанадағы «Барыс Арена» стадионында жаттығуда. Ал биатлоннан IV-қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын спортшыларымыз Ақмола облысы, Шучинск қаласындағы қысқы Олимпиадалық даярлау орталығында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Тау шаңғысынан Қазақстан командасының жаттықтырушысы Марк Шпарберг Канвондағы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын спортшыларды Италияда жаттықтырып жатқаны белгілі болды.

Ол БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында:

Былтыр біз спортшыларды Италияға жіберу туралы жобаны қолға алдық. Александра Скороходова сол жақта тұрақтап, халықаралық команда құрамында дайындалуда. Кезінде мен де сол жерде жаттыққанмын. Канвондағы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын спортшыларды біз үздік нәтижелері бойынша таңдап алдық. Әділетті таңдау жасағанымызға сенімдімін, - деді бапкер.

Өзгелердің жаңалығы