Қазақстан құрамасы Фарер аралдарымен тең ойнады

Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 13 қарашада сырт алаңда Молдоваға қарсы өткізеді.

 kff.kz 6 Қазан 2026, 22:39
6 Қазан 2026, 22:39
276
Фото: kff.kz
Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының төртінші турында Астанада Фарер аралдарымен кездесіп, 2:2 есебімен тең түсті. 

Матчтың алғашқы минуттарында алаң иелері белсенділік танытқанымен, есепті бірінші болып қарсылас ашты. 22-минутта Фарер аралдарының шабуылшысы Петур Кнудсен Қазақстан қақпасына гол соқты.

Екінші таймда қонақтар басымдығын арттыра түсті. 63-минутта Геза Давид Тури есепті 2:0-ге жеткізді. Арада екі минут өткенде Фарер аралдарының ойыншысы Мартин Агнассон қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Сан жағынан басымдыққа ие болған Қазақстан құрамасы есеп айырмасын қысқартты. 65-минутта Сергей Малый гол соқса, 76-минутта Нұралы Әліп таразы басын теңестірді.

Қалған уақытта есеп өзгермей, командалар 2:2 нәтижесіне тоқтады.

Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 13 қарашада сырт алаңда Молдоваға қарсы өткізеді.

Наверх