Қазақстан қор биржасы мен KASE Клиринг орталығы іскерлік кездесу өткізді

8 Ақпан 2024, 12:11
1646
Бөлісу:
Қазақстан қор биржасы мен KASE Клиринг орталығы  іскерлік кездесу өткізді
Фото: kase.kz

2024 жылғы 07 ақпанда "Қазақстан қор биржасы" АҚ және оның 100% еншілес ұйымы – "KASE клиринг орталығы" АҚ Астана қаласында өз клиенттерімен, атап айтқанда қазіргі және әлеуетті эмитенттермен және биржа мүшелерімен "KASE Day in Astana" бизнес өкілдерімен таңғы ас форматында кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"KASE day in Astana" барысында Қазақстан қор биржасының өкілдері 2023 жылғы KASE қызметінің қорытындылары, Биржаның іске асырылып жатқан жобалары, инновациялар мен жаңа қаржы құралдарын енгізу, Қазақстанның қор нарығын дамыту трендтері мен перспективалары туралы мәлімдеді. Сондай-ақ, 2024 жылға арналған KASE Даму Стратегиясының негізгі бағыттары және ESG қаржыландыруды дамыту, KASE Digital алаңында токенизацияланған активтерді іске қосу және сату жоспарлары, Market Data бағытын, KASE ақпараттық және талдамалық өнімдерін дамыту, сондай-ақ KASE Global секторын дамыту туралы ақпарат айтылды.

Сонымен қатар,"KASE day in Astana" KASE клиринг орталығының презентациясы ұсынылды, онда Клиринг орталығының өткен жылғы қызметінің нәтижелері және 2024 жылға арналған жоспарлар көрсетілді. Атап айтқанда, спикерлер Клиринг орталығының валюта нарығы мен туынды құралдар нарығына қызмет көрсетуді бастау мерзімі, орталық контрагент моделінің тәуекелін жетілдіру және оның қызметін ең үздік салалық практикаларға сәйкестендіру туралы айтып берді.

Іс-шарада спикерлер ретінде KASE Басқарма Төрайымы Алина Алдамберген, "KASE Клиринг орталығы" АҚ Басқарма Төрайымы Наталья Хорошевская, KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Ермек Мәжекенов және KASE Ақпарат және статистика департаментінің ақпараттық өнімдерді ілгерілету бөлімінің бастығы Жансая Қарабаева сөз сөйледі.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, Астана қаласы әкімдігінің басшылығы, квазимемлекеттік сектор компанияларының топ-менеджерлері, ірі жеке компаниялардың басшылары, эмитенттер, инвесторлар және нарықтың кәсіби қатысушылары қатысты.

KASE және KASE Клиринг орталығы жүйелі маңызы бар инфрақұрылымдық қаржы ұйымдары мәртебесіне ие болғанын айта кеткен жөн. Бұл Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының тұрақтылығы үшін Биржаның және KASE Клиринг орталығының тұрақты қызметінің құндылығын білдіреді. Биржа және KASE Клиринг орталығы бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыруды, сондай-ақ қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыратын жалғыз ұйымдар болып табылады.

Өзгелердің жаңалығы