Ресей Қазақстанға бидай жеткізуді қайта бастады, бұл туралы Ресейдің Россельхознадзордың Сібір бойынша өңіраралық басқармасы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14 ақпанда Новосибирскіден 980 тонна бидай тиелген 14 теміржол вагоны Қазақстанға жіберілді. Бұл 2025 жылдың басындағы алғашқы жеткізілімдер болды. Бұған дейін Қазақстан 2024 жылдың 21 тамызынан 31 желтоқсанға дейін үшінші елдер мен ЕАЭО елдерінен бидай импортына уақытша шектеу қойды, - делінген ақпаратта.
Жөнелтуден бұрын бидай зертханалық зерттеулерден өтіп, оның қауіпсіздігі тексерілді. Карантин зиянкестерінің жоқтығын көрсеткен талдау нәтижелері фитосанитарлық сертификаттарды рәсімдеу үшін негіз болды.