Қазақстан Қарулы күштерінің Арнайы операциялар күштеріне жаңа қолбасшы тағайындалды

Саят Исанов Мемлекет басшысының өкімімен жаңа лауазымға кірісті.

 Ақорда 10 Қазан 2026, 10:02
10 Қазан 2026, 10:02
282
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қарулы күштерінің Арнайы операциялар күштеріне жаңа қолбасшыны тағайындады.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Мемлекет басшысының өкімімен Саят Серікқазыұлы Исанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.

Наверх