Қазақстан Президенті даналығының нәтижесінде елдегі жағдай тұрақтанды – Мирзиёев

25 Қаңтар 2022, 16:21
1599
Бөлісу:
Қазақстан Президенті даналығының нәтижесінде елдегі жағдай тұрақтанды – Мирзиёев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев  дипломатиялық  қатынастардың 30 жылдығына арналған «Орталық Азия – ҚХР» атты саммитінде айтты.  

Бәсекелестік пен даулар көбейген заманда әлемнің барлық өңірінде өңірлік қауіпсіздік тетіктерін орнатқан абзал. Үш зұлымдыққа қарсы тұру да маңызды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың даналығы мен әрекеттерінің нәтижесінде елдегі жағдай тұрақтанды. Қауіпсіздік тек Қазақстан үшін ғана емес, Орталық Азия үшін маңызды, - деді Шавкат Мирзиёев.

Өзбекстан басшысы қауіпсіз «Жібек жолын» орнатудың маңыздылығы туралы да айтты. 

Бүгін әріптестерім ұсынған барлық ұсыныс пен бастамаларды қолдаймын. Бүгінгі саммит қорытындысы бойынша келісімде де ынтымақтастық туралы барлық бастама қамтылды. Бірлескен істерді жүзеге асыруға дайынбыз, - деді Өзбекстан президенті. 

 

Өзгелердің жаңалығы