Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Карантинге байланысты екі рет тоқтап қалған премьер-лиганы федерация басшылары еліміздің бас санитарын көндіріп, 18 тамызда қайта бастатты.
Бірақ ойындардың барлығы әзірге тек Алматы мен Талғарда өтеді. Алматыда «Орталық», «Жас қыран» және Т.Сегізбаев атындағы стадиондар бар. Ал Талғардағы ойын ұлттық құраманың оқу-жаттығу базасында өтіп жатыр. Сосын тағы бір айта кететін жайт, матчтардың барлығы кезек-кезегімен «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Өткен аптада премьер-лиганың 4-5 туры ойындары өтті. Тек 4-турда «Астана» Чемпиондар лигасына байланысты «Тобылмен» кездесе алмады. Бұл ойын кейінге шегерілді. Ал 5 турда 5 ойынның барлығын тамашаладық. Сонымен, 5-турға тоқталып өтсек.
Шымкенттің «Ордабасы» командасы карантиннен кейін 2 ойынды да жеңді
Бірақ оңай болды деп айта алмаймыз. Алдымен, 4-турда Талдықорғанның «Жетісу» командасынан 0:2 есебімен ұтылып жатып, камбэк жасап кетті. Ал 5-турда әупірімдеп жүріп, Ақтаудың «Каспийінен» үш ұпай алды. Бұл матчта бразилиялық Жоао Паулоның жеке шеберлігі ерекше рөл ойнады.
«Ордабасы» (Шымкент) – Каспий (Ақтау) – 1:0
Гол: Пауло, 44 (1:0).
«Ордабасы»: Шайзада, Фонтанелло (к) (Жақсыбаев, 78), Пауло (Жаңғылышбай, 90+1), Бадибанга (Шәмші, 78), Бриджидо, Махлангу, Хижниченко, Даутов, Төлебек (Механович, 35), Дмитренко, Досмағамбетов.
«Каспий»: Милошевич, Букорац, Себаихи, Нәбиханов (Чубрило,68), Розыбақиев Шахметов, 85), Сиротов, Адамс, Сахалбаев (к) (Нұрғалиев, 78,), Нүсіп (Жаңысбаев, 68), Воротников, Тайкенов (Арменов,85.).
Бас төреші: Бағдат Абдуллаев (Қаратау).
Алматының «Қайраты» биылғы жылы чемпиондықтан үмітті саналатын тағы бір ұжым Қостанайдың «Тобылының» осал тұсын оңай тапты
Черногориялық легионер Небойчо Косович айып тепкісінен екі рет тоғыздықты дәл көздеді. Сосын бұрыштама добынан кейін Дугалич мергендік танытты.
Ал қонақтардың шамасы тек бір гол соғуға ғана жетті.
Қиын ойын болды. «Қайрат» осының алдында бір ойын өткізіп, дайын болып шықты. Біз тек соңғы уақытта екі жолдастық матчқа қатысқанбыз. Ресми ойын жолдастық кездесуді салыстыруға келмейді. Оның үстіне, бізде кейбір футболшы әртүрлі себептермен матчқа көмектесе алмады. Шабуыл шебінде Өміртаев ғана ойнады. Әзірге Сенин Себаи жарақатынан айыққан жоқ. Голдың барлығы стандарттан кірді. Бұдан кейін жағдай қиындап кетті. Біздің де гол соғатын мүмкіндіктеріміз болған. Алайда, шабуыл шебінде агрессия жетіспеді. Жоғары мақсаттарға қол жеткізу керек болса, қосалқы құрамдағы ойыншылар да мықты болу қажет. Бізде Өміртаев 50-минуттан кейін шаршап қалды. Сосын Мұртазаевты алдыға жіберді. Ол да 60-минутта ауысқысы келді. Амал жоқ, Азат Нұрғалиевті алаңға шығарып, шабуылға соны қойдық. Басқа ешкім болмады, – дейді «Тобыл» командасының бас бапкері Григорий Бабаян.«Қайрат» (Алматы) – «Тобыл» (Қостанай) – 3:1
Голдар: Косович, 6 (1:0). Дугалич, 16 (2:0). Косович, 48 (3:0). Аветисян, 66 (3:1).
«Қайрат»: Покатилов, Миканович, Дугалич, Вржещиньский (Тұңғышбаев, 46), Эсеола, Гуральский, Косович (Вагнер,75), Әліп, Сүйімбаев (к), Айымбетов (Әбікен, 60), Әліқұлов (Оганесян, 46.).
«Тобыл»: Шацкий, Канкава, Квеквескири, Аманович, Фонсека (Аветисян, 52), Мирошниченко (к), Ерланов, Өміртаев (Нұрғалиев, 58), Мұжықов, Муртазаев (Жарынбетов, 85), Малый.
Бас төреші: Асхат Абданбаев (Тараз).
«Астана» үш ұпайға қол жеткізді
Бірақ Бресттегі сәтсіздіктен кейін бе, әлде дәл қазіргі шамасы сол ма, ойыны әзірге мәз емес. Елорда командасының шамасын келесі турда байқайтын боламыз.
Бұл ойында Тигран Барсегян белсеніп бақты. Армениялық легионерді бірінші таймның соңында «Оқжетпес» қақпашысы өз алаңында құлатып, төреші 11-метрлік пенальти белгіледі. Нүктеге келген Сигурьонссон мүлт кеткен жоқ. Екінші таймда Барсегянды алмастырған Дидар Жалмұқан екінші голды соғып, ойынның нүктесін қойды.
«Оқжетпес» 5 ойын өткізіп, бірде-бір ұпай жинамаған екі команданың бірі болып тұр.
Матчқа дейін «Астана» туралы көп әңгіме айтылды. Елорда командасының проблемаларына қатысты сөз болды. Біз соған қарамастан, олардың қауіпті қарсылас екенін жақсы білдік. Команда құрамында шебер ойыншылар көп. Олардың жеке шеберліктерінің арқасында бүгін «Астана» үш ұпай еншіледі. Томасов, Барсегянның деңгейіндегі футболшылар қателікті кешірмейді. Бұл жеңіліске өзіміз кінәліміз, – дейді «Оқжетпес» командасының бас бапкері Андрей Карпович.
«Астана» (Нұр-Сұлтан) – «Оқжетпес» (Көкшетау) – 2:0
Голдар: Сигурьонссон, 45+2-пенальтиден (1:0). Жалмұқан, 80 (2:0).
«Астана»: Непогодов, Ротариу (Щеткин, 46), Сигурьонссон (Жақыпбаев, 82), Томасов, Радакович (Томашевич, 19), Эбонг, Бейсебеков, Постников, Шомко (к), Маевский (Перцух, 76), Барсегян (Жалмұқан, 76).
«Оқжетпес»: Әбжанов, Димов (Гаврилович, 83), Мартинс, Стоянович Милан (к) (Чертов, 83.), Обрадович, Абубакар, Бондаренко, Жақыпов (Төлеев, 67), Молдақараев, Сапаров (Жұмаханов, 60), Шмидт (Дмитриев, 83).
Бас төреші: Айдын Рахымбаев (Алматы).
«Қайсардың» ойыны сылбыр болғанмен, нәтиже бар
Әзірге осы маусымда ұтылған жоқ. Әсіресе, грузиялық шабуылшы Элгуджа Лобжанидзе жарап тұр. Ол осымен үшінші ойында командасына ұпай сыйлады. Тек бірінші турда «Ертіске» соққан голы кейіннен жойылған болатын. Бұл жолы ол жоқ жерден гол соғып кетті. Лобжанидзенің шалқалап соққан добы осы турдың ең әдемі голдарының бірі.
Жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Команда ретінде ұжымдық ойын көрсеттік. Жақсы тактикалық тәртіп, жеңістің кілті болып отыр. Өз мүмкіндігімізді тиімді пайдаландық. Лобжанидзенің қатарға қосылғаны қуантады. Сосын бір жақсы жаңалық, біздің команданың құрамының 90 пайызы – қазақстандық футболшылар. Бұл тенденцияны болашақта да жалғастырамыз. Жергілікті ойыншылардың саны көбейе береді, – дейді «Қайсар» командасының бас бапкері Стойчо Младенов.«Қайсар» (Қызылорда) – «Жетісу» (Талдықорған) – 1:0
Гол: Лобжанидзе,75 (1:0).
«Қайсар»: Заруцкий, Граф, Лобжанидзе, Станисавлевич (Колев, 63), Әмірсейітов, Гурман (Битанг, 83), Нәрзілдаев, Тағыберген (к), Қайыров, Марочкин, Федин (Режиналдо, 90+1).
«Жетісу»: Шабанов, Мавутор, Адамович, Шкодра, Живкович (Залеский, 85), Эуженио Педро, Керімжанов, Наумов (к), Дарабаев (Сейдахмет,79), Побудей (Қуантаев,79), Зубович (Жаксылыков,72).
Бас төреші: Тимур Кумашев (Нұр-Сұлтан).
Төртінші турда допқа көбірек иелік еткенімен, «Қайсарға» есе жіберген Қарағандының «Шахтері» осы жолы бар күшін салды. Петропавлдың «Қызыл-Жар» командасымен өткен матч 3:1 есебімен «кеншілердің» пайдасына шешілді. Бірінші таймда шашы Давид Луиске ұқсайтын Андрей Буйволов есеп ашқан.
Дегенмен, «Қызыл-Жар» 78-минутта таразы басын теңестірді. Габриэль Энаке алыс қашықтықтан айып тепкісін сәтті орындады. Бірақ «Шахтер» қарап қалмады. Кездесу аяқталғанша, тағы екі гол соқты. Алдымен, Абдель Ламанж көзге түссе, матчтың қорытынды нүктесін Айдос Тәттібаев қойды.
«Қызыл-Жар» (Петропавл) – «Шахтер» (Қарағанды) – 1:3
Голдар: Буйволов, 14 (0:1). Энаке, 78 (1:1). Ламанж, 85 (1:2).Тәттібаев, 90+3 (1:3).
«Қызыл-Жар»: Лобанцев, Коне, Андрюшкявичюс, Драченко (к) (Подио, 73), Делич, Сисей, Энаке, Платика, Соколенко (Черединов,65), Мульдинов (Гунченко, 80), Маркелов.
«Шахтер»: Юрченко (к), Мингазов (Хубулов, 74.), Баа, Ламанж, Усман (Пайруз,90+2), Зенев (Тәттыбаев, 79), Наджарян (Тапалов, 74), Буйволов, Кривенцев, Такулов, Бакаев.
Бас төреші: Данияр Сахи (Қызылорда).
Турнир кестесі:
№ |
Команда |
О |
Ұ |
Т |
Ж |
Д-а |
Ұпай |
1 |
«Қайрат» |
6 |
5 |
0 |
1 |
16-3 |
15 |
2 |
«Астана» |
4 |
3 |
1 |
0 |
10-3 |
10 |
3 |
«Қайсар» |
4 |
3 |
1 |
0 |
4-1 |
10 |
4 |
«Ордабасы» |
6 |
3 |
1 |
2 |
8-7 |
10 |
5 |
«Шахтер» |
5 |
3 |
0 |
2 |
6-5 |
9 |
6 |
«Тобыл» |
4 |
2 |
1 |
1 |
6-4 |
7 |
7 |
«Тараз» |
4 |
1 |
2 |
1 |
5-5 |
5 |
8 |
«Жетісу» |
5 |
1 |
1 |
3 |
4-7 |
4 |
9 |
«Қызыл-Жар» |
4 |
1 |
1 |
2 |
4-8 |
4 |
10 |
«Каспий» |
5 |
0 |
0 |
5 |
2-11 |
0 |
11 |
«Оқжетпес» |
5 |
0 |
0 |
0 |
1-12 |
0 |