Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан пойызы Ұлы Жібек жолы бойымен сапарға аттанады

Жансая ҚАМБАР
Бүгiн, 10:46
219
Бөлісу:
 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Вагондар 2026 жылғы 20-25 наурыз аралығында “Jibek Joly” туристік пойызының құрамында Ұлы Жібек жолы бойымен сапарға аттанады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Пойыз тарихи бағыттағы маңызды қалаларды қамтиды: Алматы – Түркістан – Самарқанд – Душанбе – Ташкент – Алматы. Осылайша Орталық Азияның көне рухани орталықтары мен заманауи астаналарын байланыстырады. Жоба халықаралық теміржол туризмін дамытуға, мәдени байланыстарды нығайтуға және өңірдің тарихи мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған.

Жолаушылар қауіпсіздік, энергия үнемдеу және экологиялық талаптарға сай заманауи стандарттармен жасалған вагондарда сапар шегеді. Толық жаңартылған интерьер тозуға төзімді материалдардан орындалған. Вагондар жайлы жарықтандырумен, сапалы акустикамен және микроклимат жүйесімен жабдықталған.

Салон-трансформер түнгі ұйықтайтын орындарды күндіз ыңғайлы диванға айналдыруға мүмкіндік береді. Әр жолаушыға арналған USB және 220 В розеткалары, Wi-Fi, климат-бақылау және бейнебақылау жүйелері қарастырылған. Бағыт туралы ақпарат беретін электронды жүгірме жолақ пен аудиоинформатор орнатылған.

Қалдықтарды жабық жүйеде қайта өңдейтін жаңа буындағы экологиялық биодәретханалар иіс мәселесін шешіп, пойыз аялдамада тұрған кезде де дәретхананы пайдалануға мүмкіндік береді. LED-жарықтандыру мен заманауи жылу оқшаулау шешімдері экологиялық және энергияны үнемдеуді қамтамасыз етеді.

Орталық кондиционерлеу жүйесі жылдың кез келген мезгілінде жайлы температураны ұстап тұрады. Өрт сөндіру және бейнебақылау жүйелері жолаушылардың қауіпсіздігін арттырады. Техникалық және пайдалану тұрғысындағы жаңартулар пойыздың бірқалыпты жүруін қамтамасыз етіп, отырғызу және түсіру аймақтары жарықтандырылған платформаларға ыңғайлы шығуды көздейді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдан дәстүрге айналған "Jibek Joly 6.0"  туристік пойызы сапарға аттанған еді.

Өзгелердің жаңалығы