Сыртқы сауда саясаты және экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия пияз экспортына 3 ай мерзімге тыйым салу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқи отырыңыз:
Бұл пияздың Қазақстаннан жаппай шығарылуын болдырмау және оның бағасын тұрақтандыру үшін жасалды.
Айта кетейік, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде, сондай-ақ Өзбекстанда өнімнің қатты аязда үсіп кетуі оның құнына қосымша салмақ болып отыр.
Елімізде пияздың бір келісі көтерме бағада 150-170 теңгеден сатылып жатыр, ал көршілес Ресей мен Өзбекстанда 240 теңге көлемінде тұрады.