Қазақстан Парламенттік республикаға айналуы мүмкін бе?

Кеше, 16:00
395
Бөлісу:
Қазақстан Парламенттік республикаға айналуы мүмкін бе?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

"Желмая" жобасының бүгінгі қонағы Парламент Мәжілісінің депутаты, "Аманат" партиясының Фракция жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент осыдан 3 жыл бұрын Үкіметтің алдына 2025 жылы 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз ету керек деп тапсырма қойды, Үкімет жоспарды бекітті. Уақыт болса таяп қалды. Үлгере ме?

Мәжілістің ұзақ уақыт талқылап, таласып-тартысып жүріп қабылдаған заңдарының бірі лудоманияға қарсы "Ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі туралы" заңы болды. 2 жыл дегенде қабылданды. Тап осы заңға қарсылар көп болды ма? Үлкен лоббидің болғаны рас па?

Осы және де өзге де сауалдарға Парламент Мәжілісінің депутаты, "Аманат" партиясының Фракция жетекшісі Елнұр Бейсенбаев жауап береді.

"Желмая" жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.

«Желмая» жобасының өткендегі шығарылымының қонағы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Ақтоты Боранова болған еді.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы