Қазақстан Париждегі Олимпиаданың тағы бір жолдамасына ие болды

Қазақстан спортшылары батуттық гимнастикадан Париж олимпиадасының жүлдесі үшін сынға түсу құқығына ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Спортты дамыту дирекциясы 25 Наурыз 2024 2024, 19:12
25 Наурыз 2024 2024, 19:12
800
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан спортшылары батуттық гимнастикадан Париж олимпиадасының жүлдесі үшін сынға түсу құқығына ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Батуттық гимнастикадан әлем кубогының 5 кезеңінің қорытындысы бойынша, 25 жастағы Данил Мұсабаев Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алып отыр.

2023 жылы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарында батуттық гимнастикадан жеке жаттығуда бірінші рет күміс жүлде иеленген болатын.

Сондай-ақ, бұған дейін батуттық гимнастикадан 2016 жылы Рио Олимпиадасында алғаш Пирмаммад Алиев қатысып, 12-орынға табан тіреген еді.

2023 жыл. 9-орын (58.660 ұпай)

2023 жыл. 20-орын (58.710 ұпай)

2023 жыл. 41-орын (56.450 ұпай)

2024 жыл. 21-орын (58.720 ұпай)

2024 жыл. 47-орын (56.560 ұпай)

Наверх