Қазақстан-Пәкістан. Елші екі ел арасындағы дипломатиялық байланыс туралы айтып берді

1 Наурыз 2022, 16:43
2097
Бөлісу:
Қазақстан-Пәкістан. Елші екі ел арасындағы дипломатиялық байланыс туралы айтып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Пәкістан Ислам Республикасының елшісі Саджад Ахмед Сихар елордалық бірнеше журналиспен кездесіп, сұхбат берді.

Бүгінгі кездесудің мақсаты - сіздерді ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 48-ші отырысы туралы хабардар ету. Отырыс 22-23 наурызда Исламабадта өтеді. Қазіргі күні ИЫҰ СІМК-ға дайындық процесі қызу жүріп жатыр, - деп атап өтті дипломат.

Сонымен қатар Саджад Ахмед Сихар мырза Қазақстан мен Пәкістан елдері арасындағы екіжақты байланыс туралы да айта кетті. 

Биыл біз дипломатиялық қарым-қатынасымыздың орнағанына 30 жыл толуын атап өттік. Пәкістан мен Қазақстан екіжақты жақсы қарым-қатынаста. Географиялық жақындығы мен мәдени байланыстарының арқасында екі елдің серіктестігі жоғары деңгейде. Сондай-ақ екіжақты қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Біздің басшыларымыз бір-бірімен жиі хабарласып турады, - деп айтты ол.

Елшінің сөзінше, 2021 жылғы 15 желтоқсанда және 2022 жылғы 26 қаңтарда біздің елдеріміздің сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті. 

Министрлер саяси, сауда, экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық туралы пікір алмасты, сондай-ақ халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимылдарды талқылады. Пәкістан Қазақстан Республикасының өңірлік және халықаралық әлем үшін атқаратын рөлін жоғары бағалайды. Сонымен қатар Пәкістан ИЫҰ СІМК-нің алдағы отырысын өткізуде Қазақстан Республикасының қолдауын жоғары бағалайды, - дейді Саджад Ахмед Сихар.

Өзгелердің жаңалығы