Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 21 ақпан – 4 наурыз аралығында Алматыда Қазақстан – Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы үкіметтік делегацияларының 93-ші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Тараптар Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын келісуді және бекітуді жалғастырды, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Комиссияның келесі отырысы 2022 жылғы 14-18 наурызда Өзбекстан Республикасының аумағында жоспарланған.