Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4-8 сәуір аралығында Алматы қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтік делегацияларының кезекті отырысы өтті.
Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Тараптар Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын тексеруді және бекітуді жалғастырды.
Комиссияның келесі отырысы 2022 жылғы 18-29 сәуір кезеңінде Өзбекстан Республикасының аумағында жоспарланған.