Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 24-28 қаңтарда Ташкент қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтік делегацияларының 92-ші отырысы өтті.
Тараптар Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын келісуді жалғастырды, - деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
Комиссияның келесі отырысы 2022 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасының аумағында жоспарланған.