Бұл туралы бүгін Ақордада Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мен осында болғаныма өте қуаныштымын. Жақында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жыл толуын атап өтеміз. Ақпан айында осы бір айтулы күн болады. Қазақстан – өте маңызды және құнды серіктес. Оның маңыздылығы артып келеді. Біз ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз, - деді ЕО өкілі.
Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзара құрмет пен сенімге негізделген ортақ сын-қатерлерге қалай жауап беру керек жөнінде кең ауқымды пікірталас жүргізгені үшін алғыс білдірді.
Біз осы сұрақтардың барлығын және қарым-қатынасымызды тереңірек және берік еткіміз келеді. Бүгінгі таңда Еуропалық Одақ - аймақтағы ең ірі инвестор. Қазақстанға инвестицияланған капиталдың 60 пайызы Еуропалық Одақтан келеді. Біз сондай-ақ ең ірі сауда серіктесіміз. Министр мырза атап өткендей, жасыл сутектің тұрақты дамуы мен құрылу тізбегін түсіну туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл біздің ынтымақтастығымызды одан әрі тереңдету үшін жақсы мүмкіндік болады, - деді Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель .