Қазақстан отбасылық-демографиялық саясаттың өзіндік үлгісін ұсынды

15 Қыркүйек 2023, 19:41
1084
Бөлісу:
Қазақстан отбасылық-демографиялық саясаттың өзіндік үлгісін ұсынды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мажарстандағы халықаралық саммитте отбасылық-демографиялық саясаттың қазақстандық үлгісі ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мажарстанның астанасында Бесінші Будапешт саммиті өтті. Саммит екі жылда бір рет өткізіледі және саясаткерлер, сарапшылар, дін, бизнес, ғылым және БАҚ өкілдері демография және отбасы институтына әсер ететін негізгі мәселелерді талқылайтын алаң болып табылады.

Бесінші Будапешт демографиялық саммиті отбасын дамыту мәселелеріне арналып, «Отбасы: қауіпсіздік кілті» тақырыбында өтті.

Мажарстан тарапының шақыруымен саммит жұмысына Мәдениет және ақпарат министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева қатысты.

Аида Балаева Мажарстан, Катар, Түркия, Сербия, Словения, Марокко, Эквадор және басқа да бірқатар елдердің өкілдерімен бірге министрлердің интерактивті панельдік сессиясында сөз сөйледі.

Саммитке қатысушыларға арнаған сөзінде Аида Балаева «дас ұрпақ дәл осы отбасында құндылық бағдарларын, сүйіспеншілік пен қамқорлықты сіңіреді, соның арқасында жастар болашақта өз отбасыларын құру үшін өздерін қорғалған және мықты сезіне алады» деп атап өтті.

Еліміздің отбасылық-демографиялық даму саласындағы үрдістер белгілі бір ерекшеліктерге ие. Қазақстан – көп этносты мемлекет. Елде 120-дан астам этнос пен 18 діни конфессия өкілдері тұрады. Екіншіден, Қазақстан -жастардың елі, қазақстандықтардың орташа жасы – 32 жас. Халық құрылымында жастар шамамен 30%-ды құрайды. Демографтар тәуекелдер туралы айтады, бірақ біз мемлекетіміздің жас энергиясын даму мүмкіндіктеріне айналдыру үшін барлығын жасаймыз. Бұған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың курсы бағытталған, - деді Ұлттық комиссия төрағасы

Оның айтуынша, елде соңғы онжылдықтарда айтарлықтай демографиялық өзгерістер болды. 

2021 жылы біз соңғы 34 жылда туу көрсеткішінің жоғары деңгейіне жеттік. Сондай-ақ соңғы 10 жылда неке санының өсу тенденциясы және некеге тұрудың орташа жасы байқалады. Ел Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган – Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үлкен жұмыс атқаруда. Мемлекет азаматтық институттармен бірлесіп, отбасылық саясатты дамытудың нақты көзқарасын әзірлегені маңызды, оны іске асыру кезінде дәлелді ғылыми негізделген тәсілдер қолданылады. Зерттеулердің деректері бойынша Қазақстандағы әрбір алтыншы отбасы балалы бола алмайды, ал қазақстандықтардың 20%-ы үшін бұл ажырасуға маңызды себеп болып табылады. Қазақстанда жасанды ұрықтандырудың қымбаттығына байланысты еліміздің Президенті 2020 жылы «Аңсаған сәби» бағдарламасын іске қосуға бастамашы болды, онда жыл сайын 7 мың квота көзделеді», - деп атап өтті министр.

Қазақстандық саясаткер сондай-ақ Қазақстанның отбасылық-демографиялық саясатын қалыптастырудың институционалдық негіздерін, оның ішінде реформалар мен әлеуметтік қолдау жүйесін дамыту туралы егжей-тегжейлі айтып берді. 

Сондай-ақ, балаларды тәрбиелеу процесіне елеулі әсер ететін проблемаларға тоқталып, оларды Қазақстанда шешу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі келесі саммитте «Жаңа технологиялардың құндылық бағдарларын қалыптастыруға әсері туралы» және «Қазіргі заман қатерлерінің алдын алудағы отбасының рөлі» тақырыптарын талқылауды ұсынды.

Саммит аясында Аида Балаеваның Мажарстанның Мәдениет және инновациялар министрі Я. Чакпен және Әзірбайжан Ұлттық Жиналысының төрағасы С. Гафаровамен кездесуі өтті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады және екі елдің отбасылық-демографиялық саласы мен мәдени-гуманитарлық қатынастарындағы іс-қимылын арттыруға өзара қызығушылығын растады.

Өзгелердің жаңалығы