2024 жылы Қазақстан Үкіметі отандық тауар өндірушілерді қолдауға басымдық берді. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық тауар өнідрушілерден сатып алынатын тауарлар тізбесі 4,5 мың атауға дейін – яғни, 3 есеге ұлғайтылды. Реттелетін сатып алулар аясында жалпы құны 1 трлн теңге болатын ұзақмерзімді және офтейк-келісімшарттар жасалды.
Өз кезегінде тауар өндірушілер кәсіпорындарды технологиялық жаңғыртуға, өндірілетін тауар сапасын арттыруға, еңбек жағдайын жақсартуға, локализациялауды тереңдетуге міндеттеледі. Мысалы, автокөлік өндірушілердің локализациялауды биыл үштен бірге дейін, ал 2027 жылға қарай жартысына дейін арттыруға міндеттелді.
Премьер-министр сырттан келетін тракторлар мен комбайндарға берілетін субсидиялардан бас тартуды маңызды шешім деп атады. Бұл қазақстандық зауыттар өнімдеріне тапсырыстардың артуына ықпал етті.