Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютерді майнингке қолдана ма?

Әсел ӘБІЛБЕК
29 Шілде 2025, 10:16
1009
Бөлісу:
 коллаж BAQ.KZ
Фото: коллаж BAQ.KZ

Бұл сұраққа Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

BAQ.KZ тілшісі министрлікке арнайы сауал жолдаған болатын. Ресми жауапта цифрлық майнинг бұл цифрлық активтерді алу үшін компьютерлік қуаттарды пайдалана отырып, есептеу операцияларын жүргізу қызметі екені айтылған. Бұл үшін арнайы жабдықтар қажет. Мысалы, ASIC-чиптер немесе графикалық үдеткіштер, олар біртектес криптографиялық есептеулерге оңтайландырылған.

Бүгінгі таңда Қазақстанда криптовалюта майнингі үшін суперкомпьютерлерді пайдалану жоспарда жоқ. Бұл жоғары өнімді жүйелер ең алдымен ЖИ-ді дамытуға арналады және олар әртүрлі міндеттерді шешу үшін қолданылады. Оқытудан бастап ірі тілдік модельдерді үйрету, ІИ-агенттерді жасау, мәліметтер жиынын талдау, контент генерациясы мен модельдеу. Мемлекеттік цифрлық сервистер eGov пен eOtinish жүйелерінде, сондай-ақ денсаулық сақтау, энергетика, білім беру және бизнесте жасанды интеллектті қолдануға ерекше назар аударылады,– деп мәлімдеді ведомство.

Министрліктің мәліметінше, елімізде криптовалюта өндіру майнинг заңды түрде жүргізіле алады, ол үшін арнайы лицензия алу қажет. 

Бұл e.license.kz электрондық порталы арқылы жүзеге асырылады. Лицензия үш жыл мерзімге беріледі. Бұл майнинг нарығы қатысушыларына құқықтық қорғауды қамтамасыз етіп, еліміздің цифрлық экономикасының дамуына ықпал етеді,– деді ҚР Цифрлық даму министрлігі.

Өзгелердің жаңалығы