Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан оқушылары Халықаралық экономика олимпиадасынан жүлделі оралды

Жансая ҚАМБАР
29 Шілде 2025, 09:57
571
Бөлісу:
 NIS
Фото: NIS

Бакуде өткен IEO – 2025 Халықаралық экономика олимпиадасында Қазақстанның атынан барған оқушылар алтын мен қос күміс еншіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Батырхан Мұхтархан алтын медаль жеңіп алса, NIS IB мектебінің оқушылары Әділет Абзалиев пен Нұрхан Төлеев күміс медальдарға ие болды.

Олимпиада биыл 53 елден келген 300-ден астам қатысушыны біріктірді. Қатысушылар экономикалық теория, қаржылық сауаттылық және бизнес-кейсті шешу бағыттарында білімдерін сынға салды. Қазақстандық жас зияткерлер бұл сыннан сүрінбей өтіп, өздерінің академиялық дайындығы мен халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеді.

Өзгелердің жаңалығы