Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды қарастырмайды

15 Шілде 2025, 12:01
576
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

ОПЕК+ келісімінен шығу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтегі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үкімет бұл келісім мұнай нарығындағы тұрақтылыққа ықпал етеді деп есептейді.

Қазіргі уақытта біз ОПЕК+ келісімінен шығу нұсқасын қарастырып жатқан жоқпыз. Бұл келісім пайдалы және белгілі бір деңгейде мұнай нарығындағы тұрақтылыққа ықпал етеді деп есептейміз. Сондықтан бұл мәселе күн тәртібінде жоқ. Біз өз міндеттемелерімізді барынша орындауға тырысамыз, әрине, ұлттық мүдделерді ескере отырып, – деді Олжас Бектенов.

Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов Қашаған кен орнынан түскен табысқа қатысты пікір білдірген еді.

Өзгелердің жаңалығы