4 тамызда ОПЕК+ министрлердің бірлескен мониторинг комитетінің 49-шы отырысы бейнеконференция форматында өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан атынан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қатысты, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.
Отырыста 2023 жылғы мамыр-маусымда елдердің келісім бойынша міндеттемелерді орындауы және мұнай нарығындағы ағымдағы жағдай талқыланды.
Қатысушы елдер бұрын 2024 жылдың соңына дейін ұзартылған келісімді ұстанатынын қайта растады және Келісім шеңберіндегі міндеттемелерді орындаудың маңыздылығын мойындады.
Комитетке қатысушы елдер келісімге қатысушы елдердің бірлігіне сүйене отырып, нарықтағы өзгерістерге ден қою және қажетті шараларды қабылдауға дайын болу мақсатында нарықтық жағдайларға мониторинг жүргізуді жалғастыруға уағдаласты.
Сондай-ақ аталған комитет Сауд Арабиясы Корольдігінің мұнай нарығының тұрақтылығын сақтауға, күніне 1 миллион баррельге қосымша ерікті түрде қысқартып, оны қыркүйек айына ұзартуға және Ресей Федерациясына экспортты қыркүйек айында тәулігіне 300 мың баррельге қосымша ерікті түрде қысқартуға бағытталған күш-жігеріне қолдау білдіріп, ризашылығын білдірді.
2023 жылы 4 маусымда Венадағы кезекті отырыста ОПЕК-ке қатысушы елдер тәулігіне 40,46 миллион баррель мұнай өндіреміз деп шешкен болатын.