Қазақстан мен Вьетнам бірқатар бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды

21 Тамыз 2023, 19:29
864
Бөлісу:
Қазақстан мен Вьетнам бірқатар бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды
Фото: Үкімет

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары аясында  Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен Вьетнам Социалистік Республикасының өндірістік және сауда министрі Нгуен Хонг Зиен 2023-2025 жылдарға арналған Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі үкіметаралық бірлескен іс-қимылдар жоспарына қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Құжат сауда, инвестициялар, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, атап айтқанда, жеткізілетін тауарлар номенклатурасын арттыруға, стандарттау жөніндегі арнайы экономикалық аймақтар мен ведомстволар саласындағы өзара іс-қимылға, вьетнамдық ауыл шаруашылығы технологияларының трансфертіне, Алматы мен Хошимин, Ақтау және Дананг арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ Қазақстан-Вьетнам Іскерлік кеңесін құруға бағытталған.

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тауар айналымы 2023 жылғы қаңтар-маусым айларында $610,9 млн құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 есе жоғары ($174,7 млн).

Қазақстаннан Вьетнамға экспорт 2023 жылғы қаңтар-маусым айларында 4,7 есеге өсіп, $116,6 млн құрады.

Өзгелердің жаңалығы