Ташкентте Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер қорғаныс министрлерінің кезекті кеңесі аясында қорғаныс ведомстволарының басшылары генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Раджнатх Сингхтің екіжақты кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Министрлік баспасөзінің мәліметіне қарағанда, тараптар әскери-техникалық ынтымақтастық, бітімгершілік қызмет, кадрлар даярлау және әскери білім беру мәселелерін талқылады.
Қорғаныс ведомстволарының басшылары екі жақты негізде де, халықаралық форматтар шеңберінде де екі ел арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейін жоғары бағалап, қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін білдірді.