Қазақстан мен Түркия реадмиссия туралы келісімге қол қойды

Құжат екі ел арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастықтың құқықтық тетіктерін күшейтіп, ел аумағында заңды негізде болуға құқығы жоқ адамдарды қайтару тәртібін белгілейді.

 polisia.kz 11 Қыркүйек 2026, 21:18
11 Қыркүйек 2026, 21:18
144
Фото: polisia.kz

Астанада Қазақстан мен Түркияның ішкі істер министрлері екіжақты кездесіп, көші-қон саласындағы маңызды құжатқа қол қойды.

ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің ішкі істер министрлері бас қосқан жиын аясында Қазақстан Ішкі істер министрі Ержан Саденов пен Түркияның ішкі істер министрі Мұстафа Чифтчи келіссөз жүргізді.

Кездесуде Қазақстан мен Түркия арасындағы реадмиссия туралы келісімге қол қойылды. Құжат екі ел арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастықтың құқықтық тетіктерін күшейтіп, ел аумағында заңды негізде болуға құқығы жоқ адамдарды қайтару тәртібін белгілейді. Сонымен қатар тараптар трансұлттық және киберқылмысқа қарсы күрес, іздестіру жұмыстары, көші-қон қауіпсіздігі, мамандар даярлау және құқық қорғау органдарының тиісті бөлімшелері арасындағы тікелей байланысты дамыту мәселелерін талқылады.

Қазақстан мен Түркияны бауырластық қарым-қатынас пен өзара сенімнің жоғары деңгейі байланыстырады. Бұл бүгінде ведомстволарымыздың нақты өзара іс-қимылынан да көрініп отыр. Қол қойылған келісім – ынтымақтастықты нығайту жолындағы тағы бір нақты қадам, – деді Ержан Саденов.

Кездесу соңында тараптар тәжірибе алмасуды жалғастырып, құқық қорғау органдары арасындағы тікелей байланысты күшейтуге және қауіпсіздік саласындағы бірлескен жұмысты жандандыруға келісті.

Наверх