Қазақстан мен Түрікменстан газ саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті

Бүгiн, 20:07
105
Бөлісу:
Қазақстан мен Түрікменстан газ саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті
PHOTO
Фото: Энергетика министрлігі

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Түрікменстанның Мемлекеттік министрі – «Түрікменгаз» мемлекеттік концернінің төрағасы Мақсат Бабаевпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуде тараптар газ саласындағы елдер арасындағы ынтымақтастық пен бірлескен жобаларға қатысу мүмкіндіктерін талқылады.

Қазақстан мен Түрікменстан газ саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті

Энергетика министрлігінің басшысы А.Сәтқалиев бірлескен күш-жігердің арқасында елдер өзара тиімді ынтымақтастықты стратегиялық әріптестіктің жаңа деңгейіне шығара алатынына сенім білдірді.

Тараптар келіссөздер қорытындысы бойынша елдердің газ саласындағы ынтымақтастығын нығайту мақсатында Түрікменгаз бен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі арасында ниет туралы Меморандумға қол қойды.

Өзгелердің жаңалығы