Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы тауар айналымы 1 млрд долларға ұлғаяды

27 Мамыр 2024, 18:13
482
Бөлісу:
Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы тауар айналымы 1 млрд долларға ұлғаяды
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы тауар айналымы 1 млрд долларға ұлғаяды

Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түрікменстан Қазақстан үшін өте бауырлас, жақын және маңызды стратегиялық әріптес екенін атап өтті.

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы тауар айналымы 1 млрд долларға ұлғаяды

Түрікменстан дәстүрі ұқсас, тағдыры біте қайнасқан көршіміз. Біздің қарым-қатынасымыздың маңыздылығы да болашағы да зор. Қазақ пен түрікмен халқының көне заманнан жалғасып келе жатқан түп-тамырлары екі елді елдестіретін мызғымас фактор деп санаймыз. Қазақстан және Түрікменстан Каспидегі теңіз шекаралық мәселелерді реттеген алғашқы мемлекеттер. Бүгінгі шағын және кеңейтілген құрамда дәстүрлі достық өзара қолдау мен сенім рухын әріптестік келіссөздер өткіздік, - деді Мұрат Нұртілеу.

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы тауар айналымы 1 млрд долларға ұлғаяды

Сондай-ақ биылғы жыл екі ел арасында ауқымды іс-шараларға толы екенін жеткізді. Екі ел арасындағы сауда-саттық байланысына тоқталды.

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы тауар айналымы 1 млрд долларға ұлғаяды

Соңғы 5 жылда екіжақты сауда 4 есе ұлғайды. Жақсы жетістік деп санаймыз. Өткен жылғы екіжақты сауда 28%-ға өсіп, жалпы саудамыз 563 млн долларға жетті. Сонымен қатар Мемлекет басшыларының тапсырмасына сәйкес екіжақты сауданы 1 млрд долларға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ауыл шаруашылық саласында да жағымды өзгерістер байқалады. Былтырғы жылы өнімдермен саудамыз 20%-ға өсіп отыр. Инвестициялық ынтымақтастығымызда белсенді түрде дамып келеді. Елімізде Түрікмен капиталының қатысуымен 100-ден аса компания тіркелген, - деді Мұрат Нұртілеу.

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы тауар айналымы 1 млрд долларға ұлғаяды

Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередов әріптестік үшін алғыс айтты.

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы тауар айналымы 1 млрд долларға ұлғаяды

Келіссөздер аясында екіжақты қарым-қатынасымыздың қазіргі жағдайын талқыладық. Саяси, дипломатиялық, гуманитарлық, сауда-сатты, экономикалық бағыттарды қамтыдық. Келіссөздер барысында жоғары деңгейдегі саяси диалогтың маңызына ерекше көңіл бөлінді. Себебі саяси диалог екіжақты қарым-қатынасты дамытудың қозғаушы күші. Ұзақ жылдар бойы екі ел БҰҰ аясында тиімді жұмыс атқарып келеді. Түрікменстан Қазақстанды аймақтық және жаһандық деңгейде қолдайды. Сондай-ақ Мықтымқұлы Фрағидің 300 жылдығына арналған халықаралық шараларға белсене қатысқан қазақ ағайындарға алғыс айтамын, - деді Рашид Мередов.

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы тауар айналымы 1 млрд долларға ұлғаяды

Айта кетейік, Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов Қазақстанға ресми сапармен келді.

Өзгелердің жаңалығы