Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Арман Исетовтің Таиланд Сауда палатасының және тамақ өнімдерін өндіру саласындағы компаниялардың басшылығымен кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сауда көрсеткіштерінің рекордтық өсуін атап өтіп, тараптар Қазақстан мен Таиланд арасындағы ағымдағы экономикалық қатынастарды және сауданың көлемін аттыру жөніндегі нақты қадамдарды талқылады.
Сонымен қатар, тай тарапы Қазақстанның экономикалық артықшылықтары мен Таиланд кәсіпкерлеріне ашылып жатқан мүмкіндіктер туралы хабардар болды. А. Исетов Қазақстандағы экономиканы дамытуға, оның ішінде нарыққа қатысушылар үшін әділ жағдай жасауға бағытталған саяси және экономикалық реформалар туралы айтып берді.
Кездесу қатысушылары екі ел арасындағы тауар айналымының өсуіне жәрдемдесу үшін ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.