Қазақстан мен Сербия арасындағы тауар айналымының артуы талқыланды

22 Маусым 2024, 12:35
394
Бөлісу:
Қазақстан мен Сербия арасындағы тауар айналымының артуы талқыланды
Фото: gov.kz

Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербияның ішкі және сыртқы сауда министрі Томислав Момировичпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екі мемлекет арасындағы сауда байланыстарын кеңейту мүмкіндіктері талқыланды, осы тұрғыда сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Сербия үкіметаралық комиссиясының үшінші отырысын өткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қазақстандық дипломат екіжақты тауар айналымын әртараптандыру қажеттігін атап өтті, осы тұрғыда орта дәліздің кеңейіп келе жатқан мүмкіндіктерін белсенді пайдалануға шақырды.

Т. Момировичтің айтуынша, ресми Белград Қазақстанмен қарым-қатынасты саяси және экономикалық деңгейде дамытуға көп көңіл бөледі.

Министр серб тарапының бірлескен экономикалық жобаларды жүзеге асыруға деген үлкен қызығушылығын растады. Осыған байланысты, ынтымақтастықтың жаңа тауашаларын зерделеу мақсатында Т. Момирович 2025 жылдың басында Сербия бизнес делегациясымен Қазақстанға келуге дайын екенін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы