Қазақстан мен Сан-Марино арасында визасыз режим енгізіледі

13 Қараша 2023, 16:34
621
Бөлісу:
Қазақстан мен Сан-Марино арасында визасыз режим енгізіледі
Фото: автордан

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2023 жылғы 8 қарашада Сан-Марино қаласында ҚР Үкіметі мен Сан-Марино Республикасының Үкіметі арасында визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылды, - деді Смадияров.

Құжатты Қазақстанның СІМ әзірлеген. Оған Қазақстанның Сан-Маринодағы қоса атқарушы елшісі Ерболат Сембаев пен Сан-Мариноның Сыртқы істер, халықаралық-экономикалық ынтымақтастық және телекоммуникациялар жөніндегі мемлекеттік хатшысы Лука Бекхари қол қойды.

Бұл шартқа сәйкес жол жүруге жарамды ұлттық, дипломатиялық немесе қызметтік паспорттары бар Қазақстан мен Сан-Марино Республикасының азаматтары туристік, іскерлік және басқада мақсаттағы бір реттік немесе бірнеше рет іссапарларға бару үшін әрбір 180 күн ішінде  90 күннен аспайтын мерзімге визалық талаптардан босатылады.

Өзгелердің жаңалығы