Қазақстан мен Румыния көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

15 Қазан 2024, 17:27
336
Бөлісу:
Қазақстан мен Румыния көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
PHOTO
Фото: Көлік министрлігі

Көлік министрі Марат Қарабаев Румыния Премьер-министрі кеңсесінің мемлекеттік кеңесшісі Флорин Спатарумен кездесті,деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында теңіз және теміржол маршруттарын дамыту, логистика саласын цифрландыру, сондай-ақ көлік саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Қазақстан мен Румыния көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Елдер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған автокөлік және логистика салаларына қатысты құжаттарға қол қою туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілді. Ынтымақтастықты одан әрі нығайту және көлік жөніндегі бірлескен комиссияның кезекті отырысын өткізу үшін қазақстандық делегацияның Румынияға сапары жоспарлануда.

Қазақстан мен Румыния көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Тараптар Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік дәліздерді жақсарту үшін Қазақстан мен Румыния арасындағы әріптестіктің стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды дамыту бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

Өзгелердің жаңалығы