Қазақстан мен Ресей Қорғаныс министрлері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

24 Маусым 2022, 08:30
1310
Бөлісу:
Қазақстан мен Ресей Қорғаныс министрлері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы шеңберінде Мәскеуде Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгумен кездесті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің әскери саладағы екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі талқыланды.

Қазақстан мен Ресей Қорғаныс министрлері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Кадрларды даярлау, жауынгерлік даярлықтың бірлескен іс-шараларын өткізу, әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері бойынша тыңғылықты диалог болды. Тараптар Орталық Азия өңіріндегі сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге қатысты пікір алмасты, – делінген министрліктің мәліметінде.

Өзгелердің жаңалығы