Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық – Орталық Азиядағы маңызды геосаяси және экономикалық факторлардың бірі. Екі ел арасындағы қарым-қатынастар экономика, энергетика, білім, қауіпсіздік және мәдениет салаларындағы ортақ жобалар мен зерттеулер арқылы нығая түсуде. Осы орайда BAQ.KZ тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігіне сауал жолдады.
Ведомство бүгінгі таңда Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақстастық аясында бірлескен ғылыми жобалар жоқ екенін айтады. Десе де, Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылыми-техникалық жобаларына шетелдік, соның ішінде ресейлік ғалымдар қатысып жатыр.
Ғылыми ынтымақтастықты қолдау үшін 2021 жылдан бастап Мемлекет басшысының ғалымдар әлемінің жетекші ғылыми орталықтарына «500 ғылыми тағылымдама» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамаға жолдау жөніндегі тапсырмасы іске асырылып жатыр. Шақырулар әлемнің жетекші ғылыми орталықтары мен университеттерінен, соның ішінде ресейлік орталықтар мен университеттерден, мәселен: М.В. Ломоносова атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Ұлттық зерттеу университеті «Жоғары Экономика мектебі» және т. б. «Ғалымдар» санаты бойынша Ресей Федерациясында 77 адам ғана тағылымдамадан өтті. Атап айтқанда, 2022 жылы 42 адам, 2023 жылы 16 адам, 2024 жылы 19 адам аяқталды. Түлектердің ең көп саны техникалық бағыттар бойынша дайындалды - 41 адам (53,2%); гуманитарлық 35 адам (45,5%); Медициналық – 1 адам (1,3%), - деді Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Қазіргі таңда ресейлік жоғары оқу орындарынан 15 адам тағылымдамадан өтіп жатыр.
Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығының 5-қосымшасының 6-бөліміне сәйкес зерттеу ортасына ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру үшін пайдаланылатын негізгі отандық және халықаралық байланыстар орнатуға рұқсат берілген. 2020-2024 жылдар аралығында коллабораторлармен ынтымақтастық аясында 70 ҒҒТЖжБ (еск - ғылыми-зерттеу жұмыстары) бойынша 50 өтінім беруші 10 негізгі басым бағыттар бойынша ресейлік серіктестермен бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізді, - делінген жауапта.
Коллабораторлар келесідей бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырып жатыр: елдің зияткерлік әлеуеті; жаратылыстану ғылымдары; өмір және денсаулық туралы ғылым; озық өндіріс; цифрлық және ғарыштық технологиялар; агроөнеркәсіптік кешеннің орнықты дамуы; энергия, озық материалдар және көлік және т.б.
Еліміздің ғылыми-зерттеу жұмыстарына үлесін қосып жатқан 10 ресейлік серіктес:
1) М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті;
2) Новосібір мемлекеттік университеті;
3) Ресей Ғылым академиясының Сібір бөлімінің экономика және өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру институты;
4) Тәуелсіз әлеуметтік саясат институты;
5) Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті;
6) Ресей Ғылым академиясының Сібір бөлімі А.Е. Фаворский атындағы Иркутск химия институты;
7) Ресей Ғылым академиясының Сібір федералды агробиотехнология ғылыми орталығы;
8) Ресей Ғылым Академиясының Санкт-Петербург информатика және автоматтандыру институты;
9) Д.Ф. Устинова атындағы Балтық мемлекеттік техникалық университеті, Санкт-Петербург қ.;
10) Оңтүстік-Урал мемлекеттік аграрлық университеті.
Зерттеу тобында шетелдік ғалымдармен бірге қызмет атқару ғылыми қызметтің тиімділігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсаты жүзеге асырылады, - делінген жауапта.
Ресейлік серіктестермен қандай ғылыми-зерттеу жобалары жүзеге асып жатыр?
1) «Қазақстанның өнеркәсіптік қалдықтарынан жасалған геополимерлер үшін жаңа буынның құрылыс 3D-принтерін әзірлеу»;
2) «Кен орындарын терең зерттеу үшін аномалияларды зияткерлік анықтау әдістеріне негізделген геоақпараттық жүйенің модулін әзірлеу»;
3) «Жасыл өсу контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің орнықты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер»;
4) «Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық аймақтарында өнімділік, сапа және стресске төзімділік әлеуетін арттыру үшін дәнді дақылдарды селекциялау және бастапқы тұқым шаруашылығы»;
5) «Қазақстанның әртүрлі табиғи аймақтарының қалалары мен елді мекендерін көгалдандыруға арналған өсімдіктердің ассортименті бойынша ғылыми негізделген ұсынымдарды әзірлеу үшін мемлекеттік ботаникалық бақтардың коллекциялық қорларын экологиялық-интродукциялық талдау және табиғи флора скринингі»;
6) «Қаланың тұрақты дамуы мен сапасын және қала тұрғындарының өмір сүру деңгейлері арттыруүшін Smart City цифрлық экожүйесінің зияткерлік модельдері мен әдістерін әзірлеу және»;
7) «Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық аймақтары үшін өзгермелі климат жағдайында ауыл шаруашылығы өнімін рентабельді өндіру үшін орнықты егіншілік жүйелерін әзірлеу және енгізу»;
8) «Қазақстандық үдеткіш кешендер базасында ядролық және радиациялық физика саласындағы кешенді ғылыми зерттеулерді дамыту»;
9) «Пилотсыз ұшу аппараттарын және жерді қашықтықтан зондтауды қолдана отырып, Қазақстанның инфрақұрылымының аса маңызды гидротехникалық объектілерінің жай-күйіне мониторинг жүргізудің әдістемелік тәсілдерін әзірлеу».