Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыс өзара терең түсіністікке ықпал етеді – сенатор

Бүгiн, 15:43
122
Бөлісу:
Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыс өзара терең түсіністікке ықпал етеді – сенатор
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенатор Әсем Рахметова екі ел арасындағы байлынысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенат депутаты Әсем Рахметова мемлекеттік сапардың маңызды екеніне тоқталды.

Осы аптада РФ Президенті Владимир Путин Қазақстанға үлкен делегациямен келіп кетті. Екі ел президенттері осы жылы бірнеше алаңдарда кездескен болатын. Бірақ бұл жолғысы мемлекеттік сапар екенін де ескеруіміз керек. Мемлекеттік сапардың орны әрқашан бөлек. Сапар барысында шағын келіссөздер мен кеңейтілген құрамдағы кездесулер өткізілді. Делегациямен келген үкімет мүшелері Астанадағы бірқатар нысандарда болып, өндіріс, әлеуметтік нысандарды аралады. Бірқатар келісімдер жасалды, одақтастық аясында әр саладағы байланысты тереңдетуге ықылас білдірілді,-деді ол

Оның айтуынша, екі ел арасында сауда, өндіріс, қауіпсіздік, әлеуметтік салаларда ортақ мәселе көп.

Екі ел арасын 7500 шақырымдық шекара байланыстырады. Екі жақта да тұрғындардың туған –туысы, бала-шағасы бар. Енді біреудің тарихи Отаны бар. Балалар білім алып жатыр. Осындай кездесулерде осындай адамдардың ортақ мүддеделері қаралады. Сауда, өндіріс, қауіпсіздік, әлеуметтік салаларда ортақ мәселе көп. Бірге шешу керек. Мұндай кездесулер өзара терең түсіністікке ықпал етеді және өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бұл сапар белсенді саяси диалог жалғасатынын, екі тарапта да бұндай кездесуге қызығушылығының жоғары екендігін көрсетті,-деді сенатор.

Өзгелердің жаңалығы