Қазақстан мен Ресей +7 әлемдік нөмірлеу аймағын бірлесіп пайдаланады

Бүгiн, 13:26
139
Бөлісу:
Қазақстан мен Ресей +7 әлемдік нөмірлеу аймағын бірлесіп пайдаланады
Фото: Сурет Midjourney нейрондық желісінің көмегімен жасалған

Телекоммуникация саласындағы үкіметаралық келісімге қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Келісімге сәйкес, диапазондар былай бөлінеді:

Қазақстан Республикасы +7 0, +7 6, +7 7 кодтарын пайдаланады.

Ресей Федерациясына +7 2, +7 3, +7 4, +7 5, +7 9 кодтары бекітілді.

2021 жылы Қазақстанға жеке код алу мақсатында +997 халықаралық телефон коды резервке қойылған еді.

Ол үшін отандық байланыс операторларының барлық абоненттері мемлекеттік және банктік қызметтерді, әлеуметтік желілер мен түрлі қосымшаларды алуы үшін өз деректерін жаңартуы қажет, ал бұл бірқатар қаржылық және технологиялық проблемалар туындатуы мүмкін.

Азаматтардың ыңғайлылығы үшін министрлік Халықаралық электр байланысы одағымен қайта келіссөздер жүргізіп, +7 халықаралық кодын өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы