Қазақстан мен Қытайдың көлік вице-министрлері ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

2 Қараша 2023, 14:27
517
Бөлісу:
Қазақстан мен Қытайдың көлік вице-министрлері ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады
PHOTO
Фото: Көлік министрлігі

Ташкент қаласында өтіп жатқан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бірінші халықаралық форумы аясында ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев ҚХР көлік министрінің орынбасары Ли Янмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуде 2023 жылғы қазанда Мемлекет басшыларының қатысуымен қол қойылған Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша ынтымақтастық туралы келісімдерді, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүшелік ететін мемлекеттердің үкіметтері арасындағы тікелей халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы 2014 жылы қол қойылған келісімді іске асыру мәселелері талқыланды.

Қазақстан мен Қытайдың көлік вице-министрлері ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Сондай-ақ министрлердің орынбасарлары бейтарап аумақта (өткізу пунктінен мемлекеттік шекараға дейін) Алашанькоу – Достық автожолының учаскесін салу және Бақты – Тачен автомобиль өткізу пункті ауданында Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші теміржол өткелін салу мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Талғат Ластаев Қазақстан тарапынан Аягөз станциясынан Бақты станциясына дейін жаңа теміржол желісін салу бойынша жұмыс басталғанын, сонымен бірге мемлекет басшылары кездесулерінің қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде өзара іс-қимыл бағыттары айқындалғанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы