Қазақстан мен Қытай шекарасында дамбы жарылды

22 Мамыр 2024, 12:57
12246
Бөлісу:
Қазақстан мен Қытай шекарасында дамбы жарылды

Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының әкімдігінде ақпаратты растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тengrinews.kz сайтының мәліметінше, Боран ауылында жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Су Ертіс өзеніне келіп жатыр.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бөгет Қытай тарапынан Қазақстан шекарасынан 100 шақырым жерде бұзылған.

Марқакөл ауданы әкімдігінің хабарлауынша, ешкім зардап шеккен жоқ, қазір Боран ауылында жағалауды нығайту жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.

Су көп келіп жатқан жоқ, шашамен 2 сантиметрге жетеді. Бірақ бұл тек осы ауылдың ауданында. Қазір әлі де жұмыс жүргізілуде. Учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, ТЖБ-ның төрт қызметкері кезекшілік атқарып жатыр. Оларда көлік, қайық, барлық қажетті жабдықтар бар. Аудан әкімі мен ТЖБ бастығы сол жерде, - деді Ақкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әсем Болысова.

Өзгелердің жаңалығы