Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Ядролық материалдарды, радиоактивті материалдарды, радиоактивті қалдықтарды және радиациялық-қауіпті заттарды заңсыз өткізуді болғызбаудағы өзара іс-қимыл жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын жұмысқа қабылдады.
Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Марат Құсайынов заң жобасының мақсатын түсіндіріп өтті.
Келісім мемлекеттер аумағына әкелуге тыйым салынған ядролық, радиоактивті материалдарды, радиоактивті қалдықтарды, радиациялық қауіпті заттарды әкелуге жол бермеуді қамтамасыз ету мақсатында жасалған, - деді Марат Құсайынов.
Депутат Қаржы және бюджет комитеті заң жобасын қарап, ол бойынша 2022 жылдың 28 желтоқсанына дейін қорытынды әзірлеуге дайын екенін жеткізді.