Қазақстан мен Қытай бірлесіп статистика жүйесін жаңғыртпақ

4 Шілде 2024, 09:24
169
Бөлісу:
Қазақстан мен Қытай бірлесіп статистика жүйесін жаңғыртпақ
Фото: ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы

Қазақстанның Ұлттық статистикалық бюросы мен Қытайдың Ұлттық статистика бюросы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Статистика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросы мен Қытай Халық Республикасының Ұлттық статистика бюросы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев пен Қытай Халық Республикасы Ұлттық статистика бюросының директоры Кан И. мырза қол қойған меморандум екі ведомство арасында тұрақты және нәтижелі қатынастар орнатуға бағытталған.

Осы құжаттың мақсаты статистиканың келесі негізгі бағыттары бойынша ынтымақтастықты дамыту болып табылады:

- Статистикалық жүйелерді жаңғырту: статистикалық ақпараттың тиімділігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған деректер экожүйесін үйлестіру және басқару саласында тәжірибе және технологиялармен алмасу.

- «Үлкен деректерді» және жаңа технологияларды пайдалану: статистикалық тәжірибеге инновациялық тәсілдерді енгізу бойынша бірлескен күш-жігер, соның ішінде Жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалану.

- онлайн есеп беру платформаларын құру бойынша тәжірибе алмасу: ресми статистиканың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал ететін статистикалық деректерді жинау, талдау және тарату үшін заманауи платформаларды әзірлеу және енгізу.

Меморандумға қол қою-біздің ұйымдар арасында нәтижелі әріптестік орнатуға бағытталған маңызды қадам. Бірлескен зерттеулерге қатысу, ақпарат алмасу және білім беру статистикалық деректердің сапасын арттыруға ықпал етеді және стратегиялық шешімдерді әзірлеу үшін қажетті ақпараттың дәлдігі мен дұрыстығын қамтамасыз етеді, - деп атап өтті Қазақстанның ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев.

Тараптар сондай-ақ статистикалық есептілікті, деректерді жинау және ақпаратты талдау стандарттарын дамытуға бағытталған бірлескен іс-шаралар мен бағдарламалар жоспарын талқылады. Болашақта статистика саласында білім мен тәжірибе алмасуға ықпал ететін оқыту іс-шаралары жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы