Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер ұлғайып жатыр

24 Қараша 2023, 14:03
604
Бөлісу:
Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер ұлғайып жатыр
PHOTO
Фото: Көлік министрлігі

Азаматтық авиация комитетімен Қазақстан Республикасы Президентінің елдің транзиттік әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында, сондай-ақ қолданыстағы халықаралық бағыттарда рейстер санын арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіліп келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осылайша Азаматтық авиация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тимур Тлегенов Қазақстан Республикасына тұрақты Air China, China Southern Airlines және Loong Airlines қытайлық әуе компанияларының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында China Southern Airlines әуекомпаниясы 2024 жылғы 23 қаңтардан бастап аптасына 3 рейс жиілігімен Алматы – Бейжің бағыты бойынша рейстер ашуды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер ұлғайып жатыр

Сонымен қатар сұраныс артқан кезде China Southern Airlines әуекомпаниясы Алматы қаласынан Үрімші және Сиань қалаларына, сондай-ақ Астана қаласынан Үрімші қаласына 2024 жылдың көктемгі-жазғы маусымынан бастап қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайту мүмкіндігін қарастыруға дайын. Өз кезегінде Loong Airlines әуекомпаниясы биыл желтоқсан айында Алматы – Ханчжоу бағыты бойынша орындалатын рейстер санын аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер ұлғайып жатыр

Келесі жылы жолаушылар ағыны артқан жағдайда әуе компаниясы рейстер санын аптасына 7-ге дейін арттыруды көздеп отыр. Сондай-ақ әуекомпания 2024 жылы Астана – Ханчжоу, Астана – Ченду және Алматы-Ченду әуе бағыттары бойынша рейстерді ашу мәселесін пысықтап жатыр. Air China әуекомпаниясы да Астана – Сиань – Пекин бағыты бойынша орындалатын рейстер санын аптасына 2-ден 3-ке дейін ұлғайту мәселесін қарастырып жатқанын хабарлады.

Бұл ретте әуекомпания Сиань қаласына қонбай, екі астана арасында аптасына үшінші рейсті тікелей орындау мәселесін де қарастыратын болады. Жалпы 2024 жылғы көктем-жаз навигация кезеңінде екі ел арасындағы рейстер саны қолданыстағы және жаңа әуе бағыттары бойынша аптасына 30 рейске дейін артады деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы