Қазақстан мен Қытай ақпарат саласындағы ынтымақтастықты күшейтпек

27 Мамыр 2024, 18:50
437
Бөлісу:
Қазақстан мен Қытай ақпарат саласындағы ынтымақтастықты күшейтпек
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов ҚХР Мемлекеттік хабар тарату және теледидар басқармасы басшысының орынбасары Ян Гожуймен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан мен Қытай ақпарат саласындағы ынтымақтастықты күшейтпек

Кездесуде тараптар бірқатар бірлескен жобалардың іске асырылу барысын, сондай-ақ радиохабар тарату және теледидар саласындағы ынтымақтастықты күшету мәселелерін талқылады. Қанат Ысқақов жылдар бойы екі ел түрлі салада, соның ішінде мәдениет пен ақпарат салаларында серіктестікті белсенді дамытып келе жатқанын атап өтті.

Қазақстан мен Қытай ақпарат саласындағы ынтымақтастықты күшейтпек

Біз қазақстандық және қытайлық бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы ынтымақтастық табысты дамып келе жатқанын мақтан тұтамыз. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің осы жылдың сәуір айында Хэфэй қаласында өткен ШЫҰ-ға қатысушы елдердің қызметкерлеріне арналған семинарға қатысуын атап өту маңызды. Бұл Қазақстанның өңірлік бастамалар шеңберіндегі медиа-ынтымақтастықты дамытуда белсенді рөлін көрсетеді, - деді вице-министр.

Қазақстан мен Қытай ақпарат саласындағы ынтымақтастықты күшейтпек

Өз кезегінде Ян Гожуй өзін жылы қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, одан әрі ынтымақтастықты дамыту жөнінде ұсыныстар айтты.

Өзгелердің жаңалығы