Қазақстан мен Қырғызстан ынтымақтастығы: Президент жаңа елшіге бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қазақстанның Қырғызстандағы жаңа елшісін қабылдады.

14 Шілде 2026, 18:45
АВТОР
 Ақорда 14 Шілде 2026, 18:45
14 Шілде 2026, 18:45
126
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы жаңадан тағайындалған елшісі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Әңгімелесу барысында Президент бауырлас Қырғызстанмен достықты, тату көршілікті, стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтудың маңызын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбілқайыр Сқақовқа екі ел арасында көлік-транзит, энергетика, су, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы сан қырлы ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді.

Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланысты жандандыруға баса назар аударылды.

Наверх