Қазақстан мен Өзбекстан президенттері MERGANTEKS кәсіпорнына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев MERGANTEKS мақта-мата кластерінің қызметімен танысты. Мұнда шикізатты өңдеуден бастап, одан дайын текстиль өнімдерін шығаруға дейінгі толық өндіріс циклі жолға қойылған.
Президенттерге кәсіпорын өндіріс тиімділігі мен халықаралық сапа стандартын қамтамасыз ететін заманауи жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталғаны жөнінде баяндалды.
Кластердің өндірістік құрылымына мақта зауыты, екі жіп иіру фабрикасы, тоқыма және бояу цехтары, тігін фабрикасы кіреді.
Өнім Польша, Түркия, Израиль, Босния және Герцеговина, Иран, сондай-ақ басқа да мемлекеттерге жеткізіледі.