Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда қатынастарын нығайту мәселелері талқыланды

16 Мамыр 2024, 14:10
256
Бөлісу:
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда қатынастарын нығайту мәселелері талқыланды
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова және Өзбекстан Республикасы Президентінің ДСҰ мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Азизбек Урунов Астанада Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру перспективаларын талқылау үшін кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сауда және интеграция министрлігінің мәлімдеуінше, кездесу барысында өзбек тарапының өкілдері келіссөздер процесінің ағымдағы жай-күйіне шолу жасап, ДСҰ-ға қосылу туралы келіссөздердегі проблемалық мәселелерді белгіледі.

Қазақстандық тарап ДСҰ-ға кіру тәжірибесімен бөлісті және ықтимал қиындықтарды шешу бойынша ұсыныстар берді. Тәжірибе алмасу халықаралық сауда орталығының (ITC) қолдауымен ұйымдастырылған екі күндік техникалық кеңес аясында өтті.

Екі тарап та елдер арасындағы сауда қатынастарын одан әрі нығайтуға қызығушылық танытты және осы мәселеде одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы