Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымы 4,4 млрд долларға жетті
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымы 4,4 млрд долларға жетті
Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Атамқұлов соңғы жылдары қазақ-өзбек қарым-қатынасы нығая түскенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Атамқұлов соңғы жылдары қазақ-өзбек қарым-қатынасы нығая түскенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Президенттеріміздің көреген саясаты мен достық қарым-қатынасының арқасында соңғы жылдары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты қарым-қатынас айтарлықтай нығая түсті. Жалпы, сауда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынаста шешуші рөл атқарады әрі экономикалық ынтымақтастықтың негізі. Ол екі елдің өсуі мен дамуын ынталандырып отыр, - деді дипломат Қазақстан-Өзбек іскерлік кеңесінің отырысында.
Оның мәліметінше, Қазақстан Өзбекстанның сауда серіктестері арасында Қытай мен Ресейден кейін 3-орында тұр.
2023 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы алыс-беріс 4,4 млрд долларға жетті, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдері - 1,7 млрд. Бүгінгі таңда Қазақстан Өзбекстанға келетін туристер саны бойынша алғашқы 5 елдің қатарына кіреді. Бұл қазақстандықтардың Өзбекстанның бай мәдени-тарихи мұрасына қызығушылығының артып келе жатқанын, сондай-ақ елдеріміз арасындағы туристік байланыстың нығая түскенін көрсетеді, - деді Бейбіт Атамқұлов.