Қазақстан мен Өзбекстан арасында әуе рейстерінің саны артады

3 Наурыз 2023, 08:51
960
Бөлісу:
Қазақстан мен Өзбекстан арасында әуе рейстерінің саны артады
Фото: almaty.tv

Қазақстан мен Өзбекстан арасында тұрақты әуе рейстерінің саны артады. Наурыздың соңына қарай «Ақтау-Үргеніш» бағыты іске қосылып, Нөкіске дейінгі  жолаушы тасымалы аптасына екі мәрте орындалады, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz сілтеме жасап.

Еліміздің азаматтық авиация комитеті Ташкентте жауапты министрлікпен келіссөз жүргізді. Тұрақты әуе рейстерін арттыру жөніндегі келіссөз бірнеше сағатқа созылды. Еліміз ашық аспан жүйесіне сай көршімізбен апта сайынғы әуе рейстері санын  еселеуді ұсынып отыр. Қазір бұған сұраныс бар. Туристік маусым да таяды. Астана, Алматы, Ташкент сынды ірі қалалар арасында 21, ал шағын шаһарларға аптасына 7 рейс орындау көзделген.

Біз ашық аспан жүйесін әлдеқашан енгіздік. Бұл бізге жолаушы тасымалын арттыруға септігін тигізді. Көп елмен ынтымақтастық орнады. Алдағы уақытта екі қазақстандық және екі өзбекстандық компания әуе тасымалына кіріссе дейміз. Оларға бірқатар бағыттар бойынша қатынау мүмкіндігін беруді ұсынамыз, – деп хабарлайды ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев.

Өзгелердің жаңалығы