Қазақстан мен Молдова ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгiн, 11:02
161
Бөлісу:
Қазақстан мен Молдова ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Фото: Бас прокуратура

Молдованың Ұлттық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталығымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Бас прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап.

Кишинев қаласында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті мен Молдова Республикасының Ұлттық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті. Бұл іс-шара Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы тапсырмасын орындау мақсатында Молдовадағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Комитеттің бастамасы бойынша іске асырылғанын атап өту қажет. 

Меморандумның мақсатына сүйене отырып, екі ведомствоның делегациялары алғашқы ресми екіжақты кездесу өткізді. Тараптар активтерді қайтару саласында тәжірибемен және үздік дағдылармен алмасуға бағытталған екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

Молдова тарапы Комитет өкілдерін ұлттық цифрлық платформалармен және ақпараттық жүйелермен, құқықтық және жедел базамен, активтерді алып қою және тоқтатып қою, сондай-ақ оларды басқару рәсімімен таныстырды. Өз кезегінде Комитет төрағасы активтерді қайтару туралы Заңның негізгі ережелері туралы ақпаратпен бөлісіп, жұмыс нәтижелерін атап өтті және қайтарылған қаражатты азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартатын әлеуметтік жобаларға пайдалану туралы деректерді келтірді. 

Тараптар белгіленген мақсаттарды іске асыру үшін өзара іс-қимылды нығайтуға мүдделілік білдірді.

Өзгелердің жаңалығы