Қазақстан мен Марокко қылмыстық-құқықтық саладағы келісімдерге қол қойды

Бүгiн, 09:20
152
Бөлісу:
Қазақстан мен Марокко қылмыстық-құқықтық саладағы келісімдерге қол қойды
PHOTO
Фото: Бас прокуротура

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов Марокко корольдігіне жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Марокконың Әділет министрі Абдель Латиф Уахбимен келіссөздер барысында қылмыстылықпен күрес, заңдылық пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. 

Кездесудің нәтижесі қылмыскерлерді экстрадициялау, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек, сондай-ақ сотталғандарды беру туралы мемлекетаралық келісімдер жасау болды.

Қазақстандық қадағалау органы басшысының айтуынша, Марокко Корольдігімен мұндай келісімдердіжасау Қазақстан үшін өте маңызды, себебі географиялық орналасуына байланысты бұл ел Гибралтар бұғазы арқылы Африканы Еуропамен байланыстыратын бағыт болып табылады.

Қазақстан мен Марокко қылмыстық-құқықтық саладағы келісімдерге қол қойды

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Бас прокуроры 12 жыл бұрын біздің ел Мароккоға жақын орналасқан Еуропалық мемлекет – Испания корольдігімен осындай халықаралық шарттарға қол қойғанын еске салды. 

Қылмыскерлер үшін ықтимал жолдарды жабу және құқықтық өзара іс-қимыл тетіктерін нығайту арқылы Қазақстан мен Марокко азаматтарды қорғауға және екіжақты қарым-қатынастардың тұрақты дамуына ықпал ететін қауіпсіз құқықтық кеңістікті құруда маңызды қадам жасады.

Тараптар қол қойылған халықаралық құжаттардың қылмыстылықпен, атап айтқанда оның трансұлттық түрлерімен күресу саласындағы екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және құқықтық тәртіпті, екі ел азаматтарының конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуға арналғанын айрықша атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы